Жаңа түзетулерге сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібі қайта қаралады. Бұл өзгерістер кома жағдайындағы науқастарға қатысты құжат рәсімдеу процесін едәуір жеңілдетуге бағытталған.
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін мұндай жағдайларда құжат тапсыру барысында бірқатар әкімшілік қиындық туындайтын. Енді жаңа тәртіп бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтініш беруге науқастың жақын туыстары немесе жұбайы ресми түрде құқылы болады.
Қант диабетіне шалдыққан және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем тең беріле ме?
Бұл тәсіл бірқатар маңызды мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді, соның ішінде науқастың әлеуметтік мәртебесін белгілеу және мемлекеттік жәрдемақыны уақытылы тағайындау қарастырылған.
Ведомствоның айтуынша, ұсынылып отырған нормалар әлеуметтік қолдау рәсімдерін ашық әрі қолжетімді етіп, азаматтарға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттырады.
Қазіргі уақытта тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылауға шығарылған.
Нұрболат АМАНБЕК