Фото: istockphoto.com
Санжар Әділовтің айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталуға жақын.
«Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеуді аяқтап жатырмыз», деді Санжар Әділов.
Министрдің орынбасары күдіктінің стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатқанын және оның психоз күйінде болғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, күдікті бұған дейін де сотты болған. Сондай-ақ оның психикалық есепте тұрғаны анықталды.