Федерация мәліметінше, жүлде қоры шамамен 15 пайызға артқан. Қаражат 48 ұлттық құрама арасында бөлінеді. Бұл да турнир тарихындағы жаңа формат болмақ.
Әрбір құрама үшін ең төменгі кепілдендірілген төлем 12,5 миллион долларды (шамамен 5,9 млрд теңге) құрайды. Бұған дейін бұл көрсеткіш 10,5 миллион доллар болған.
Сонымен қатар:
– дайындыққа бөлінетін қаржы 2,5 млн долларға дейін;
– іріктеу кезеңіне арналған төлем 10 млн долларға дейін ұлғайтылды.
FIFA жүлде қорының артуын турнирдің коммерциялық табысы мен құрамалардың логистика, салық және ұйымдастыру шығындарының көбеюімен түсіндірді.
Бұдан бөлек, делегациялардың шығындарын өтеу және билет квоталарын кеңейту үшін қосымша 16 млн доллардан астам қаржы қарастырылған.
Түскен табыстың бір бөлігі ұйымға мүше 211 қауымдастық арасында қайта бөлініп, әлем бойынша футболды дамытуға бағытталады.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Турнир тарихында алғаш рет 48 құрама қатысады.
ФИФА Мексикадағы жағдайды жіті бақылап отыр: Әлем чемпионаты кейінге шегеріле ме?
Жүлде қорының күрт өсуі әлемдік футболдағы коммерцияның ауқымын айқындап, әлем чемпионатын тарихтағы ең қаржылай ірі турнирге айналдырып отыр.