Михаил Ломтадзе бұл мәмілені жоғары бағалап, Tencent-тің ірі акционерлер қатарына қосылуын маңызды оқиға деп атады. Оның айтуынша, жеке инвестициялар мен басқарушы команданың қатысуы компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына деген сенімді көрсетеді.
Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?
Айта кетейік, Tencent – Қытайдың ірі технологиялық компаниясы. Ол әлемдегі ең танымал WeChat қосымшасының негізін қалаған, оны 1,3 миллиардтан астам адам пайдаланады.
Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады
Сонымен қатар мәміле аясында Spice Expeditions халықаралық инвестициялық компаниясы, АҚШ-тың Вашингтон университеті және Висконсин университетінің қоры Kaspi.kz акцияларын сатып алғаны хабарланды.