Бұл рейстің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты, әсіресе экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін береді.
Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров іс-шараға қатысып, Алматы-Шаңхай арасындағы жаңа бағыттың ашылуы екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды жандандыруға бағытталған стратегиялық маңызды қадам екенін атап өтті.
Жаңа бағыттың 2026 жылғы 7–10 сәуір аралығында Шаңхай қаласының мэрі Гун Чжэннің Қазақстанға жасаған сапары кезінде ашылуы ерекше мәнге ие болды. Бұл қадам 2025 жылғы маусымда орнатылған Алматы мен Шаңхай қалалары арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтудың жарқын дәлеліне айналды.
Салтанатты іс-шараға Air Astana басшылығы, Шаңхай қаласының Сыртқы істер басқармасының өкілдері, сондай-ақ мегаполистің мемлекеттік органдары мен іскерлік топтардың жетекшілері қатысты. Бұл тараптардың өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жоғары деңгейде мүдделі екенін көрсетті.
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Air Astana әуе компаниясының жаңа рейсті іске қосуы тікелей әуе тасымалына деген өсіп келе жатқан сұранысқа жауап береді және Қазақстанның көлік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосымша серпін беріп, өңіраралық ынтымақтастық пен екіжақты қатынастардың одан әрі жандануына ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, бұл Қазақстанның Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстыратын негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.