Заң • Бүгін, 09:51

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікпен Грузиядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

Фото: Ашық дереккөз

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдіктіні елге қайтару жұмыстары Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан. Ол сеніп тапсырылған қаражатты иемденді деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті компания басшысы бола отырып, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге мемлекеттік сатып алу талаптарын айналып өтіп, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықтарды жалға алу бойынша заңсыз келісімшарт жасаған.

Заңсыз кәсіпкерлік: Трансұлттық қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Соның салдарынан «Транстелеком» акционерлік қоғамы арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Биылғы наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды

Аталған қылмыс бойынша оған мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10