Қоғам • Бүгін, 13:03

Үй жануарларын чиптеу: Жануарлар туралы жаңа заң бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер қаралды. Заң жобасын талқылау кезінде депутат Еділ Жаңбыршин егер де қожайыны бар ит адам өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіретін болса, оған жауапкершілік қарастырылатын норма енгізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Үй жануарларын чиптеу: Жануарлар туралы жаңа заң бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі

«Ит адамға орташа ауыр деңгейде зақым келтіретін болса, қожайыны оған эвтаназия жасауы керек. Егер де жаңа айтылған жағдайлар туындайтын болса, жеке тұлғаға – 100 айлық есептік көрсеткіш, лауазымды тұлғаға – 200-300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған», деді депутат.

Ал депутат Темір Қырықбаев иттерді чиптеу мәселесіне тоқталып, ол әрекет заң жүзінде қалай бақыланатынын сұрады. Өз кезегінде Еділ Жаңбыршин үй жануарының тіркелгенін тексеретін норма дайындалғанын хабарлады.

Қазақстанда әр сағат сайын бес адамды ит қабады

«Ішкі істер министрлігімен және жергілікті полиция қызметімен ақылдасып, жергілікті полиция әр үйдегі үй жануарының тіркелгенін тексеретін норма дайындадық. Егер жануарда чип болмаса, онда заңға сәйкес иесіне бір ай уақыт беріледі. Бір айдың ішінде қайта келіп тексереді, егер тағы да болмаса, онда айыппұл салынады. Үшінші рет қайталанса, онда конфискацияланады. Осылайша біз бір жағынан жауапкершілікті, екінші жағынан бақылау мен мониторингті күшейтіп жатырмыз», деді Еділ Жаңбыршин.

Соңғы жаңалықтар