Қаржы • Бүгін, 12:20

Банктер мен байланыс операторларының атынан жалған хабарламалар жіберген алаяқтар ұсталды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратурасы үйлестіруі және «TELE2» ұялы байланыс операторымен бірлесіп, азаматтардың құпия деректері мен ақшалай қаражатын ұрлау мақсатында фишингтік хабарламаларды жаппай таратқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

Банктер мен байланыс операторларының атынан жалған хабарламалар жіберген алаяқтар ұсталды

Фото: ҚМА

Қаскөйлер ұялы байланыс операторлары базалық станцияларының жұмысында қолданылатын SMS-бластерді пайдаланған. Бұл құрылғы пайдаланушыларға жақын маңда, яғни 300 метр радиуста күшті сигнал таратып, телефондардың автоматты түрде соған қосылып, қорғанысы әлсіз желіге ауысуына себеп болған. 

Нәтижесінде абоненттердің телефондарына бірден жалған SMS-хабарламалар келген. Бұл құрылғы байланыс операторларының қорғанысын айналып өтіп, сағатына 100 мыңға дейін хабарлама таратуға мүмкіндік берген. Ауқымды кеңейту және жасырын әрекет ету мақсатында жабдық автокөліктерге орнатылып, қозғалыс барысында, негізінен адамдар көп шоғырланатын орындарда – базарларда және сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында пайдаланылған.

Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп

Хабарламалар «Beeline» және «Halyk Bank» компаниялары атынан жіберілгендей көрініп, жиналған бонустарды айырбастау ұсынылған. Сілтемеге өткен жағдайда пайдаланушылар фишингтік сайттарға түсіп, тауар таңдағаннан кейін жеке деректерін, соның ішінде телефон нөмірін, аты-жөнін, банк картасының деректемелерін, CVV-кодын, сондай-ақ SMS арқылы келген растау кодын енгізуге мәжбүр болған.

Осылайша, қаскөйлер азаматтардың құпия ақпараты мен банктік қаражатына қол жеткізген.

Алаяқтықтың жаңа тәсілі тарады: Қаскүнемдер дауысын өзгертіп, сенімге кіреді

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топ схеманы жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде анықталып, ұсталды. Бұл азаматтардың ауқымды алдануы мен елеулі қаржылық шығындарының алдын алуға мүмкіндік берді.

Қазір төрт күдікті ұсталып, қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген.

Соңғы жаңалықтар

Кесар тілігінің зардабы қандай?

Медицина • Бүгін, 18:34