Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»
Үкіметтің мәліметінше, инфляция қарқынының төмендеуі 2025 жылдың қыркүйегіндегі 12,9% деңгейінен кейін біртіндеп жалғасып келеді. Осы кезеңнен бері баға өсімі бәсеңдеп, тұрақты динамика қалыптасты. Қаңтар-ақпан айларында да көрсеткіш тиісінше 1,0-1,1% аралығында болған.
Ресми деректерге сүйенсек, инфляция деңгейі 6 айдан бері төмендеп келеді.
AERC болжамы: Мамыр айында жылдық инфляция 11,01%-ға дейін төмендеуі мүмкін
Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) өзгеруіне байланысты туындаған қысқамерзімді баға өсімі қазір толықтай теңестірілген. Бұл фактор қазіргі инфляция қарқынына әсер етпей отыр.