Фото: Ашық дереккөзден
Астанада жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні күндіз секундына 15 метрге жетеді.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай болжанған. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында жаңбыр жауып, облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғады.
Атырау облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай жарқылдайды.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Нөсер жаңбыр мен дауыл: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні секундына 16 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің күші секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түркістанда кей уақыттарда найзағай ойнайды, дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жуын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таразда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.