Саясат • Бүгін, 07:45

Фокус, команда және нәтиже

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Қызылордада жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Кездесуге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ашық диалог форматында өткен іс-шара практикалық тәжірибе алмасуға, тиімді мемлекеттік қызмет тәсілдерін талқылауға бағытталды.

Фокус, команда және нәтиже

Басқосуда Жақып Асанов кәсіби өсудің негізгі факторы – артық әрі тиімсіз үдерістерден арыла отырып, шын мәнінде маңызды міндеттерге шоғырлана білу екенін атап өтті.

«Кез келген жүйеде салдармен ғана күресіп қоймай, түпкі себепті тауып, оларды жою маңызды. Артық міндеттер мен шектен тыс жүктеме дамуға кедергі келтіреді. Негізгі бағыттарға басымдық беріп, нақты нәтижеге қол жеткізу қажет», деп атап өтті вице-спикер.

Кездесу барысында Жақып Асанов мықты команданың маңызы мен сапалы кадрлық іріктеуге назар аударып, жауапкершілік, мотивация және қызметкерлердің жеке қасиеттері жемісті жұмыстың негізі екенін баса айтты.

«Қазіргі мемлекеттік қызмет басқару­дың жаңа тәсілдерін, соның ішінде үдерістерді цифрландыру мен жобалық басқаруды енгізуді талап етеді. Бұл жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттырып, шешім қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді», деді Жақып Асанов.

Жас мамандардың өңірлерді және бүкіл елді дамытудағы рөлі ерекше екені бөлек аталды. Осыған байланысты кездесуге қатысушыларға кәсіби дағдыларын үнемі шыңдап, жаңа білімге ұмтылу және нәтижеге бағытталған болу ұсынылды.

Іс-шараға жергілікті атқарушы, мем­лекеттік органдардың аумақтық бөлім­шелерінің өкілдері, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік жас  қызметшілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Әдебиет бапкері

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Еңбек даңқы аласармайды

Еңбек • Бүгін, 08:22