Президент • Бүгін, 11:52

Қарулы Күштердегі ауыс-түйіс: Махсут Гусейнов пен Бағлан Өсербаев жаңа қызметке тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы Күштер саласында екі лауазымды тұлға қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы Күштердегі ауыс-түйіс: Махсут Гусейнов пен Бағлан Өсербаев жаңа қызметке тағайындалды

Фото: gov.kz

«Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар