Үкімет • Кеше

Ішкі істер министрлігіне жаңа функция жүктелді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің 2026 жылдың 13 мамырдағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігіне жаңа функция жүктелді

Фото: Gov.kz

Құжатқа сәйкес, ведомство жаңа функциямен толықты.

«Күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын субъектілердің, сондай-ақ жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының ептілікті ұсыну нысаны мен оны кезеңділігін әзірлейді және бекітеді», делінген құжат мәтінінде.

Қаулы қол қойылған күні, яғни, 13 мамырдан бастап күшіне енді.

Үкімет басшысы жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Еске салайық, Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды, оның ішінде астық тасымалдауды қаржыландыру мен қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейтуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар