Спорт • Бүгін, 00:08

Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың титулдық жекпе-жегі аяқ астынан өтпейтін болып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды

 

Бішкекте өтуі тиіс Bishkek Worldwide Clash турнирі ресми түрде тоқтатылды. Алғашында бокс кеші 17 сәуірге жоспарланған болатын. Алайда кейін ұйымдастырушылар турнирді 23 мамырға ауыстырған еді. Сол кезде себеп ретінде Таяу Шығыстағы жағдай айтылған.

Енді міне турнир мүлдем өтпейтін болып шешілді. Осыған жағдайға байланысты турнирді ұйымдастырушылар ресми мәлімдеме жасады.

SaikouLush Boxing Promotions промоушені турнирдің тоқтатылғанын ресми түрде растады.

Мәлімдемеде ұйымдастырушылар күтпеген жағдайларға байланысты бокс кешін өткізу мүмкін болмағанын айтты. Сонымен қатар промоушен турнирді күткен боксшылардан, командалардан, серіктестерден және жанкүйерлерден кешірім сұрады.

Сәкен Бибосынов та әлеуметтік желі арқылы белгіленген жекпе-жектің өтпей қалғанына қатысты пікірін білдірді.

«Өкінішке қарай, 23 мамырға жоспарланған жекпе-жек белгілі бір себептерге байланысты өтпейді. Жоспар өзгерді. Бірақ жұмыс жалғасып жатыр», - деп жазды боксшы жеке парақшасында.

Соңғы жаңалықтар