Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Әлібек Бекмұхамбетовтің айтуынша, тексерістің себебі – Атырау қаласының тұрғындары тарапынан күкіртсутек иісіне байланысты түскен шағымдар болды.
«Тексеріс қорытындысы бойынша үш хаттама жасалды. Мамандар кейбір атмосфераға шығарындылар нормативтен асып кеткенін анықтады. Сонымен қатар, зауыттың ағынды сулары экологиялық рұқсатсыз төгілгені белгілі болды. Қазіргі таңда кәсіпорын тексеріс қорытындысымен келіспейді», деді А. Бекмұхамбетов.
Түркістанда айыппұлға ашуланған ер адамдар бейнекамераларды сындырған
Айта кетейік, биыл қаңтардың соңында Атырау облысының экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеріс жүргізілетінін хабарлаған еді. Ақпан айының соңында зауытқа 6,92 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Атырау мұнай өңдеу зауытынан 4,3 млн теңге айыппұл өндірілді