Университет • Бүгін, 08:45

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай елордада алдағы 3–4 сәуір күндері екінші «International Legathon MaxUP» заң саласындағы кейс-чемпионаты өтеді. Мазмұнды іс-шараны Maqsut Narikbayev University (MNU) АХҚО Соты, Baker McKenzie және «Kazakhstan Bar Association» қолдауымен ұйымдастырады. Сайыстың тақырыбы «Болашақ құқығы» деп аталады. Байқауға 13 елден 90-нан астам студент қатысады.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады

Олардың қатарында Макгилл университеті (Канада), Қытай саяси ғылымдар және құқық университеті (Қытай), Бремен университеті (Германия), Баку мемлекеттік университеті (Әзербайжан), «Жоғары экономика мектебі» ұлттық-зерттеу университеті (Ресей), Малайя университеті (Малайзия) және Ташкент мемлекеттік заң универ­ситеті (Өзбекстан) сияқты жоғары оқу орындарының командалары бар. Байқауға қатысушылардың жобаларын мемлекеттік орган­дардың өкілдері мен халық­аралық құқық саласының мамандары және жасанды интеллект саласындағы сарапшылар бағалайды.

«Президент елімізді үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық мақсат қойды. Осы тұрғыда білім саласы шешуші рөлдердің бірін атқаруға тиіс деп есептеймін. Біз тек әлемнің үздік заңгер студенттері бәсекелесетін алаң ғана емес, сонымен қатар таяу болашақта бетпе-бет келетін цифрлық дә­уірдің сын-қатерлеріне жауап беретін үздік құқықтық ше­шімдер мен реттеуші модель­дерді қалыптастыратын формат құрдық»,  деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Сондай-ақ іс-шараға қатысу­шылар жаңа технологиялардың заң жүйесіне, құқық қағидат­тарына, этика мен адам құқық­тарына әсерін зерттейді. Халық­аралық сайыс университеттің жасанды интеллект саласындағы алғашқы жобасы емес. Бұған дейін MNU екі ЖИ зертхана ашып, «AI+X» жаңа білім бағдарламасы мен өз түлектеріне арналған жасанды интеллект бойынша тегін курсты іске қосты.

Айта кетейік, алғашқы «International Legathon MaxUP» кейс-чемпионаты былтыр өткен болатын.

 

Жалғас АЗҒАНБАЕВ 

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38