Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Ұлытау облысының делегациясы, сондай-ақ қытайлық және отандық компаниялардан 100-ге жуық өкіл қатысты.
Форум аясында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдің перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылды. Өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, G2B және B2B форматтарында кездесулер өтті.
Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 12,5 миллиард теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы алты меморандумға қол қойылды.
Құжат келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді:
Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді қайта жаңғырту;
металлургиялық шлактарды қайта өңдеу;
сүт-тауар фермасын салу.
Ұлытау облысының әкімі: «Біз инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгіннің өзінде бірқатар компания Ұлытау облысы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын», деп өңірдің жоғары инвестициялық әлеуетін және халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтті.
Ұлытау облысы