Әскер • Бүгін, 11:18

Алматы мен Түркістанда жаңа әскери нысандар салынып жатыр

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы мен Түркістандағы әскери нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы мен Түркістанда жаңа әскери нысандар салынып жатыр

Тексеру барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, мерзімдердің сақталуына және нысандардың заманауи талаптарға сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінді.

Бас қолбасшы Түрксіб ауданында жедел мақсаттағы батальонды орналастыру жобасының жүзеге асырылуын қарады. 2022 жылдан бері жүргізіліп жатқан бұл нысанда ғимараттарды жабдықтау және инфрақұрылымды іске қосуға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.

Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады

Кешен құрамына казарма, асхана, медициналық пункт, автопарк, инженерлік және тылдық қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ кинологиялық қызметке арналған инфрақұрылым кіреді.

Сонымен қатар 5 571 әскери бөлімінде медициналық блок пен бригада бөлімшелері орналасатын бес қабатты көпфункционалды ғимараттың құрылысы жалғасып жатыр. Нысанның сыйымдылығы 400-ден астам әскери қызметшіні қамтиды. Ал  Түркістан қаласында 10 гектар аумақта әскери қалашықтың негізгі конструкциялары мен инженерлік инфрақұрылым салынып жатыр.

Сонымен бірге, ел аумағында Қызылорда, Жезқазған, Орал және Атырау қалаларында жаңа әскери қалашықтар мен казармалардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл құқықтық тәртіп әскерлері үшін заманауи жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың дәлелі.

Аталған жобаларды іске асыру әскери инфрақұрылымды дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және бөлімшелердің жедел дайындығын арттыруға бағытталған.

Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілді

Сапар қорытындысы бойынша Бас қолбасшы құрылыс сапасы мен қарқынын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма беріп, салынатын нысандар заманауи стандарттарға сай болуы және әскери қызметшілердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар