Оқиға • Бүгін, 10:30

10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматы Грузиядан елге экстрадицияланды. Операция Бас прокуратура мен ІІМ Интерполының Ұлттық орталық бюросының қызметкерлерінің қатысуымен, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Ол экономикалық салада жасаған бірқатар ауыр қасақана қылмыстары бойынша жауапқа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2019-2021 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болып, еліміздің бірнеше өңірінде қаржы пирамидаларының жұмысын басқарған. Алаяқтық схемалар арқылы азаматтарға жоғары табыс уәде етіліп, нәтижесінде 10 миллиард теңгеден астам қаражат заңсыз тартылған.

Қылмыстық топтың кейбір мүшелері бұған дейін сотталып үлгерген. Ал негізгі күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты

2026 жылдың ақпан айында ол Грузия аумағында қолға түсіп, Қазақстан тарапының сұрауы негізінде экстрадицияланды. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалып отыр.

6,8 млрд теңге шығын келтірген: Абай облысында қаржы пирамидасы әшкере болды

Оған тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар