Бокс • Кеше

Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кубалық кәсіпқой боксшы, әуесқойлар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған Йоэнлис Эрнандес орта салмақтағы әлем чемпиондарымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жеңілістің дәмін татпаған боксшы (кәсіпқой рингте 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен) бұл туралы Fight Hype YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Эрнандес алдағы кездесулерде қарсылас ретінде бірнеше чемпионды атап өтті. Оның айтуынша, ол WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, отандасы Эрисланди Ларамен, WBC чемпионы доминикандық Карлос Адамеспен немесе WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Сонымен қатар, IBF белбеуінің жаңа иесі анықталған соң, онымен де күш сынасуға дайын екенін жеткізді.

«Біз кез келген чемпионмен, соның ішінде Жәнібек Әлімханұлымен де жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Егер мүмкіндік берілсе, шығуға әзірміз», деді кубалық боксшы.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылдың желтоқсанына дейін рингтен шеттетілген. Сондай-ақ ол IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды. Бұған 2025 жылдың қараша айында алынған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний затының табылуы себеп болған.

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді

 

Соңғы жаңалықтар