Оқиға • Бүгін, 15:42

Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. Оқиға қаладағы Сәңкібай батыр даңғылы бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды

Полиция мәліметінше, жедел жәрдем көлігі мен Toyota автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі бүйіріне аударылған. Көлік ішінде болған науқас дереу медициналық мекемеге жеткізілді.

Алматыда жол апатынан 3 адам қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем көлігінде 34 жастағы жүкті әйел болған. Жол апатынан кейін оның толғағы басталып, шұғыл түрде перзентханаға жеткізілген. Дәрігерлердің көмегімен әйел аман-есен босанып, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.

Мамандардың айтуынша, ана мен сәбидің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері тексеруден өтіп, олардың да жағдайы қалыпты екені анықталған.

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және арнайы дабыл шамдары мен сиренасы қосулы жедел жәрдем көліктеріне жол беруге шақырады.

Соңғы жаңалықтар