Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Министрлік мәліметінше, қазір үш жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.
Сондай-ақ тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлеу жоспарланған. Оның ішінде үш жоба жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жұмыстар былтыр қыркүйек айында қабылданған «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық құрылысжайларында шағын СЭС дамыту жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда шағын СЭС орнатуға жарамды 29 нысан іріктеліп алынған.
«Жол картасын іске асыру нәтижесінде «Қазсушар» РМК-ның гидротехникалық нысандарында жыл сайын өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын теңгерімінде үш шағын СЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Қатар үкіметі Қазақстанда су электр станциясын салуға ниетті