Фото: Астана әкімдігі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынақтары жүргізіліп жатыр.
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
«Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады», делінген хабарламада.