Ширек финалда ол америкалық теннисші Джессика Пегуланы (WTA рейтингінде 5-орын) 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Ал ширек финалдың тағы бір матчында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко мен америкалық Хейли Баптист (45-орын) өзара кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Рыбакинамен ойнайды.
Miami Open турнирінің 2026 жылғы жеңімпазы 1000 рейтингтік ұпай мен 1,15 миллион доллар сыйақы алады.
Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші кезеңінде Украина өкілін жеңді
Айта кетейік, 16 наурыз күні Елена Рыбакина алғаш рет мансабында әлемнің екінші ракеткасы атанды. Бұл – Қазақстан теннисі үшін тарихи жетістік.