Фото: istockphoto.com
Елордада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады. Алайда синоптиктер түнде және таңертең қою тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болатынын ескертеді. Ауа температурасы түнде -10...-3°С суық болса, күндіз сынап бағанасы +2...+5°С жылылықты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 2-8 метрге жетеді.
Алматы қаласында алдағы үш күнде жауын-шашын күтілмейді. Мамандардың болжамынша, күн райы біртіндеп жылынады. Түнде ауа температурасы +1...+7°С жылы болса, күндіз күн шуағы +14...+19°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні қалыпты – 3-8 м/с.
Шымкентте 20 наурыз күні өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Десе де, 21 наурыздан бастап жауын саябырлап, күн жылынады. Күндіз ауа температурасы +16-дан +23°С-қа дейін көтеріліп, түнде +5...+9°С жылылықты сақтайды.