Қоғам • Бүгін, 17:12

Өскемен қаласының экс-әкіміне қандай айып тағылғаны белгілі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Оған ірі көлемде алаяқтық және пара алу айыптары тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемен қаласының экс-әкіміне қандай айып тағылғаны белгілі болды

Фото: ШҚО әкімдігі

Іс материалдары Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен. Сот кабинеті деректеріне сәйкес, айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 3-бөлігі бойынша – «ірі мөлшердегі алаяқтық» және «ірі көлемде пара алу» айыптары тағылған.

Майқайыңдағы апатқа кінәлі шенеуніктер жазаланды

Негізгі сот отырысы 19 наурызға белгіленген. Іс ашық режимде қаралады. Сот құжатында айыпталушыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, оның мерзімі іс толық қаралғанға дейін ұзартылғаны көрсетілген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 ақпанда Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растаған. Ол ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне 2025 жылдың сәуір айында тағайындалған.

Елдегі ең жас шенеуніктер кімдер?

Бұған дейін түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған ол 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі болған, сондай-ақ әкімнің кеңесшісі қызметін де атқарған.

Алдағы сот процесі іс бойынша барлық мән-жайды айқындап, құқықтық баға бермек.

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Соңғы жаңалықтар