Қоғам • Бүгін, 14:53

Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемін арттыру мәселесі бюджеттік мүмкіндіктерге тікелей байланысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Сенат кулуарында мемлекеттік төлемдерді қайта қараудың басты шарттарын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді

Фото: Ерлан Омар/egemen.kz

Вице-министрдің түсіндіруінше, республикалық бюджеттен бөлінетін барлық әлеуметтік төлемдер жыл сайын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес индекстеледі. Қаңтар айындағы жоспарлы өсімнен кейін, дәл қазіргі уақытта қосымша индекстеу туралы шешім қабылданған жоқ.

«Дегенмен, қаржы-экономикалық блок тарапынан тиісті мақұлдау алынған жағдайда, біз бұл мәселені қарастыруға дайынбыз», деп толықтырды Виктория Шегай.

Еске сала кетейік, 2026 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 112,2 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 597,4 мың адам қамтылды.

Соңғы жаңалықтар