Экономика • Бүгін, 13:38

30 млн теңгеге пәтер алу үшін қанша табыс керек?

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде екінші нарықтан 30 млн теңгеге пәтер алу үшін ай сайынғы табыс көлемі банк талаптарына тікелей байланысты. Сарапшылардың есебінше, ең төменгі бастапқы жарнамен ипотека рәсімдеу үшін айлық табыс кемінде 1 млн теңгеге жуық болуы тиіс, деп жазады Egemen.kz.

30 млн теңгеге пәтер алу үшін қанша табыс керек?

Фото: Ашық дереккөз

Банктер қарыз алушыға бірнеше негізгі талап қояды. Ең алдымен, ресми жалақы болуы және одан зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұруы қажет. Соңғы жұмыс орнындағы еңбек өтілі кемінде 6 ай болуы шарт. Сонымен қатар ай сайынғы ипотека төлемі табыстың жартысынан аспауы керек. Яғни банк қарыз алушының төлем қабілетін бағалағанда, оның жалпы кірісі барлық несиелік міндеттемелерінен кемінде екі есе жоғары болғанын талап етеді.

Мысалы, ай сайынғы ипотека төлемі 480 мың теңге болса, онда жалақы кемінде 960 мың теңге болуы қажет. Ал қосымша несиелер болса, олардың төлемдері де есепке алынады. Мәселен, тағы 120 мың теңге көлемінде несие төлемі болса, жалпы табыс кемінде 1,2 млн теңгені құрауы тиіс.

2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?

Ипотекалық несиелерді бүгінде Altyn Bank, Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Нұрбанк, ForteBank, RBK және «Отбасы банк» ұсынады. Екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) пәтер құны 30 млн теңге болған жағдайда бастапқы жарна әдетте 20-30% шамасында белгіленеді. Несие мерзімі – 10 жыл.

Ал «Отбасы банк» жүйесінде тұрғын үй құрылыс жинағы қағидаты қолданылады. Мұнда бастапқы жарна кемінде 50% болуы керек және оны алдын ала депозитте жинақтау қажет. Жинақтау мерзіміне қарай пайыздық мөлшерлеме төмендейді. Мысалы, аралық қарыз бойынша мөлшерлеме 7,5%-дан басталса, толық тұрғын үй қарызында 4%-ға дейін түседі.

Тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: Сұраныс неге екі есеге азайды?

Егер ресми табыс жеткіліксіз болса, қосымша кіріс көздерін көрсетуге болады. Оған фриланс арқылы табыс табу, жалға берілген мүліктен түсетін пайда немесе бизнес кірісі жатады. Банк бұл табыстарды растайтын құжаттарды талап етеді және олар расталған жағдайда есепке алуы мүмкін.

Сондай-ақ қосымша кепіл мүлік ұсыну немесе табысы жоғары кепілгер тарту арқылы да несие алу мүмкіндігін арттыруға болады. Бұдан бөлек, пайыздық мөлшерлемесі төмен мемлекеттік бағдарламалар да қолжетімді.

Енді кез келген банкте тұрғын үйге ақша жинауға болады?

Мәселен, «Наурыз» бағдарламасы аясында бастапқы жарна 10%-дан басталады. Бағдарлама бойынша 30 млн теңгелік пәтерге ай сайынғы төлем шамамен 333 мың теңгені құрайды, кейін біртіндеп азаяды.

Соңғы жаңалықтар