Фото: istockphoto.com
Енді вьетнамдық тасымалдаушы «әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі» құқығын пайдалана отырып, Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындайтын болады. Сапарлар аптасына екі рет «Airbus A330» әуе кемелерімен жүзеге аспақ. Бұл қадам Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік торап ретіндегі рөлін бекемдей түспек.
Таяу Шығыстан азаматтарды елге қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды?
Мамандардың пікірінше, жаңа әуе бағыты тек туристік және гуманитарлық байланыстарды ғана емес, сонымен қатар Вьетнам және Чехия елдерімен іскерлік ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.
Еске сала кетейік, Наурыз мерекесі қарсаңында ел ішінде жолаушылар ағыны көбеюіне байланысты отандық әуе компаниялар қосымша 160 қосымша рейсті орындайды.