Ата заң • Бүгін, 08:20

Брайль қарпіндегі Ата заң

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық зағип жандарға арналған арнайы кітапхана екі тілде – «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы» және «Проект новой Конституции Республики Казахстан» атты бедерлі-нүктелі қаріппен басылған арнайы басылымды жарыққа шығарды.

Брайль қарпіндегі Ата заң

Бұл – елімізде ал­ғаш рет негізгі заң жобасының көру қабілеті шектеулі азаматтар үшін Брайль қарпі­мен ұсынылуы. Ерекше фор­маттағы басылым көру мүм­­кіндігі шектеулі жан­дар­­дың Конституция мәті­німен толық танысып, ен­гізілген өзгерістерді еркін талқылауына мүмкіндік береді.

Туындының таныстырылымында жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мәселесі талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Ерекше басылым кітапхананың облыстағы жалғыз тифлоорталығында Брайль принтерінің көмегімен жарық көрді. Кітапхана директоры Ғалым Нұрланов бұл жобаның әлеу­меттік маңызы зор екенін айтады.

«Біздің басты міндетіміз – көру қабілеті бұзылған азаматтардың ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Жаңа Конституция жо­басының Брайль қарпімен жарық көруі – осы бағыттағы маңызды жоба. Бұл басылым оқырмандарымызға Ата заң мәтінімен толық танысып, оның мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, мұндай бастамалар қоғамдағы инклюзивтілік қағидаттарын нығайтып, әр азаматтың құқықтық сауат­тылығын арттыруға ықпал етеді», деді ол.

Мамандардың айтуынша, Брайль қар­пінде басылған жаңа Конституция жобасы кітапхана қорында қолжетімді болады.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35