Аумақтық комиссиялар Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынды.
Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысты
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегідей:
Абай облысы 75,45 %
Ақмола облысы 79,82 %
Ақтөбе облысы 87,05 %
Алматы облысы 71,46 %
Атырау облысы 74,04 %
Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
Жамбыл облысы 85,06 %
Жетісу облысы 78,49 %
Қарағанды облысы 84,30 %
Қостанай облысы 81,21 %
Қызылорда облысы 93,04 %
Маңғыстау облысы 77,89 %
Павлодар облысы 75,51 %
Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
Түркістан облысы 84,03 %
Ұлытау облысы 73,15 %
Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
Астана қаласы 60,36 %
Алматы қаласы 33,43 %
Шымкент қаласы 75,82 %.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 %-ын құрады.
Референдумның алдын ала қорытындылары кейінірек хабарланады.