Референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқарып жатыр.
Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады.
Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды.
Айта кетейік, Референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берген Токио қаласындағы Қазақстан азаматы, «Нихон» универститетінің 3 курс студенті Жібек Айдын болды.
Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр