Референдум • Кеше

Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары

Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын енгізіп, қазақ тарихында әділетті билігімен мемлекеттілікті нығайтқан Тәуке хан мен қазақтың айбынды ханы Абылай хан, ел бірлігі мен әділдіктің символына айналған үш би – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бейнесіндегі Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Театр әртістері бұл бастама – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықты ел тағдырына бей-жай қарамауға шақыратын тағылымды шара болғанын, көпшілік үшін ел тарихына тағзым жасап, ұлт болашағына деген жауапкершілікті терең сезінудің айқын белгісіндей әсер қалдырғанын айтады.

Есік қаласындағы референдум учаскесіне «Алтын адам» келді

Айта кетейік, аудан көлемінде 75 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың барлығында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттың қазақ күресі, қол күресі, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ, кіші футбол секілді түрлерінен тұрғындар арасында жарыстар ұйымдастырылып жатыр. 

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар