«Сайлау учаскелерінде байқағанымның негізінде республикалық референдум аясында дауыс беру процесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтіп жатыр деген қорытындыға келдім. Процедуралар ашық, стандарттарға сай болды. Азаматтар өз еркін білдіре алды. Ешқандай араласулар мен қандай да бір оқиғалар болмағанын атап өткім келеді», деді АӨСШК-нің жаңа сын-қатерлер мен қауіптер өлшемі бойынша сарапшысы, елші Мутаз Фалех Салех Альхиясат.
АӨСШК Адам өлшемі саласындағы сарапшысы, елші Исмат Джахан да өз пікірін білдіріп, барлығы бейбіт жағдайда өткенін атап өтті.
«Мен АӨСШК хатшылығындағы әріптесіммен бірге үш сайлау учаскесінде референдум процесін байқау мүмкіндігіне ие болдым. Мен де дәл осындай қорытындыға келдім: жалпы алғанда, кеңістікті ұйымдастыру өте сапалы болды, адамдар келіп, бюллетеньдерін жәшікке салып, өте риза күйде кетіп жатты. Барлығы бейбіт жағдайда өтті. Тіпті кішкентай балалар да отбасының ересек мүшелеріне еріп келіп жатты. Бұл халық арасындағы ынтаның бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ жас буын үшін өз саяси құқықтарын пайдаланудың маңызды екенін көрсететін үлгі», деді спикер.
Өзбекстан ОСК төрағасы: Жастар белсенділігі – азаматтық жауапкершілік көрінісі