Фотозоналар референдум күні мерекелік атмосфера қалыптастыру және біртұтас ақпараттық-визуалды кеңістік құру мақсатында жасалған. Барлық алаңдар ортақ стилистика, визуалды элементтер мен науқанның символикасын пайдалана отырып, сондай-ақ #Референдум2026 хэштегімен безендірілген. Бұл шараның жалпыұлттық ауқымын айқындай түседі.
Дауыс бергеннен кейін өңір тұрғындары баннерлер мен пресс-стендердің алдында суретке түсіп, ел үшін маңызды күнге қатысқан сәттерін естелік ретінде сақтап қалады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірыңғай визуалды форматтағы безендіру оқиғаның маңыздылығын айқындап, осы күннің естелік сәттерін сақтауға мүмкіндік береді.