Референдум • Кеше

Бас прокуратура: Референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтіп жатыр. Марафон барысында Орталық коммуникациялар алаңында республикалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирде ақпарат беріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бас прокуратура: Референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді

Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов бүгінгі маңызды іс-шара аясында сағат 13:00-дегі жағдай бойынша заң бұзушылықтар тіркелмегенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Прокуратура органдарына референдумға қатысты ешқандай өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ сот органдарына да талап-арыздар енгізілмеген. Қазірге дейін заңсыз сауалнама жүргізу немесе үгіт жүргізгені үшін жауапкершілікке тарту фактілері тіркелген жоқ. Біз заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырамыз», деді Б.Қараманов.

ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев референдум қауіпсіздігін сақтау үшін полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

«Ішкі істер органдары референдумның қауіпсіз әрі тыныш өтуін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, барлық жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Кез келген жағдайға жедел әрекет ету үшін әр қала мен аудандық полиция бөлімдерінде мобильді жедел топтар құрылды. Сонымен қатар референдум учаскелерінің маңындағы аумақтарға бақылау күшейтілді. Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталықтарына қосылған бейнекамералар арқылы жағдай тұрақты түрде бақылауда. Қазіргі уақытта референдум учаскелеріндегі жағдай тыныш, қоғамдық тәртіп бұзушылықтары тіркелген жоқ», деді Шыңғыс Әлекешев.

Соңғы жаңалықтар