Референдум • Кеше

Бір әулеттің 70 мүшесі референдумда дауыс берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алакөл ауданына қарасты Жанама ауылындағы №54 сайлау учаскесінде облыстық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жүлдегерлері – Шугаевтар әулеті ұйымшылдық танытып, бірлесіп келіп өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір әулеттің 70 мүшесі референдумда дауыс берді

Бір шаңырақтан тараған үлкен әулеттің 70 мүшесі сайлау учаскесіне бірге келіп, елдік іске деген жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Әулеттің үлкендері де, жастары да қатар қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын байқатты.

Әсіресе, олар бұл маңызды күнге немере мен шөберелерін де ерте келгені көпшіліктің назарын аударды. Бұл – жас ұрпаққа елдік құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті үлгі етуге бағытталған тәрбиелік мәні зор қадам.

Атырау облысында 100 жастағы тыл ардагері үйінде дауыс берді

«Мерейлі отбасы» атанған Шугаевтар әулеті тек отбасы ішіндегі татулығымен ғана емес, қоғам өміріне белсенді араласуымен де танылып келеді. Бірнеше буын өкілдерінің бір мезетте келіп таңдау жасауы – ұрпақ сабақтастығы мен елге деген құрметтің айқын көрінісі.

Осылайша, Жанама ауылында әулеттің үлкені мен кішісі қатар келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімде өз үлестерін қосты.

Референдум учаскесіне келген ертегі кейіпкерлері ел назарын аударды

Соңғы жаңалықтар