Референдум • Кеше

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні ерекше көріністермен есте қалуда. Хан Ордасы ауылындағы №60 сайлау учаскесінде тарихи костюм киген Жәңгір хан бейнесінде жергілікті тұрғын келіп, сайлаушылардың назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

Тарихи кейіпкер дауыс беру рәсіміне қатысып, өз таңдауын жасады. Көрермендер мен учаскеге келген тұрғындар үшін бұл – ел тарихына құрмет көрсету мен азаматтық жауапкершілікті насихаттайтын ерекше сәт болды.

Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді

«Қазіргі тез өзгеріп жатқан әлемде ең басты байлық - пайдалы қазбалар емес, адамдар. Сондықтан Конституцияда адами капиталды, яғни білімді, ғылымды және адамдардың дамуын қолдауға басымдық берілуі өте маңызды. Ғылым дамыған сайын жаңа технологиялар пайда болып, жаңа нарықтар ашылады, инвестиция келеді. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгін мен тек тарихи тұлға ретінде ғана емес, ел болашағына бей-жай қарай алмайтын азамат ретінде де өз таңдауымды жасап отырмын. Елдің болашағы әрқайсымыздың шешімімізге байланысты», деді Жәңгір хан кейпіндегі реконструктор.

102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумда дауыс берді

Айта кетейік, референдум күні облыстағы барлық сайлау учаскелерінде 446 мыңнан астам азамат өз таңдауларын жасау мүмкіндігіне ие.

Соңғы жаңалықтар