Аманкелді ата ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет етіп, кейіннен ауыл кеңесінің депутаты болған. Ол құрметті зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстан алыстамай, қазірде ҚХА жанындағы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, ел үшін еңбек етіп жүр.
«Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Біз, аға буын өкілдері, әрдайым елдің тағдырына бейжай қараған емеспіз. Сондықтан республикалық референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуды армандады. Бүгін сол тәуелсіздіктің қадірін түсініп, мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – әр азаматтың парызы деп ойлаймын», дейді қария.
Ауылдық округ тұрғындары саяси науқанға белсене атсалысып жатыр.
Алматы облысы,
Шеңгелді ауылы.