Арнайы дайындық науқаны аясында барлық учаскелер үздіксіз жұмыс істеуге толықтай бейімделген. 15 наурызда барлық учаскелер тура сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
«Ел Дауысы» қорының бақылаушылары сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді
Тіпті, ресми жұмыс уақыты басталмай жатып-ақ, алғашқылардың бірі болып дауыс бергісі келген азаматтар жинала бастаған. Алғашқы бір сағаттың ішінде бұл үрдіс тіпті күшейіп, қазіргі уақытта республиканың түкпір-түкпіріндегі учаскелерде адамдар легі артып отыр.