Референдум • Кеше

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, бүгінгі референдум Конституциялық реформа бойынша жарты жылдан астам уақытқа созылған қоғамдық талқылауларды қорытындылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда
«189 күн ішінде талқылауларға мыңдаған азаматтар, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Осы кезең бойы біз қоғамдық белсенділікті және азаматтардың кеңінен атсалысқанын көрдік. Шын мәнінде, бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бүгін азаматтар қандай қоғам құратынымызды, еліміздің қандай құндылықтар мен қағидаттар негізінде дамитыны туралы шешім қабылдауда», деді Ерлан Қарин.
 
Еске сала кетейік, бұл – соңғы 4 жылдағы үшінші референдум.
«Барлық маңызды әрі шешуші шешімдер референдум арқылы, яғни барша азаматтың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс деген Президенттік ұстаным саяси өміріміздің қалыпты нормасына, орныққан тәжірибесіне айналды. Соңғы жылдары Қазақстан мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог пен бірлескен шешімдер қабылдаудың үлгісін көрсетіп келеді. Еліміз саяси өмірдің жоғары серпіні мен прогреске деген ұмтылысын паш етуде», деді Ерлан Қарин.
Соңғы жаңалықтар