Астанадағы сайлау учаскелерінде алғашқы болып дауыс берген азаматтарға, сондай-ақ кәмелет жасына енді ғана толып, алғаш рет дауыс беруге қатысып жатқан жастарға естелік сыйлықтар беріліп жатыр.
Мұндай бастама тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын қолдауға және маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысуын ынталандыруға бағытталған.
Жалпы елордадағы сайлау учаскелерінде шамамен 4 500 сыйлық дайындалған.
«Ел Дауысы» қорының бақылаушылары сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді