Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық.
Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.
Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ол отырып жарысатын пара биатлон бойынша 4,5 шақырым қашықтықтағы жарыста жеңіске жетті.
Айта кетейік, Милан-Кортина-2026 XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді. Дүбірлі додада пара шаңғы жарысы, пара биатлон, арбадағы керлинг, пара сноуборд, тау шаңғысы және пара хоккей спорт түрлері бойынша 79 медаль жиынтығын сарапқа салады.