Оқиға • Бүгін, 19:56

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында жүргізілген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушысының бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталып, сот үкімімен жаза тағайындалды. Қаржылық заңбұзушылықтың нақты схемасын қалалық прокуратура әшкереді, деп жазады Egemen.kz.

Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген

Фото: Depositphotos

Алматы қаласының прокуратурасы мәліметінше, жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында заңсыз әрекеттер тіркелген. Атап айтқанда, жеке сот орындаушысы қызметтік жағдайын пайдаланып, 2024 жыл ішінде алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер аясында өз қызметіне ақы ретінде бюджеттен 4,2 млн теңге заңсыз алған.

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан

Тергеу барысында белгілі болғандай, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес бір атқарушылық іс жүргізу бойынша төлем жылына бір реттен артық төленбеуі тиіс. Алайда сот орындаушысы бұл норманы өрескел бұзып, Әділет департаментіне 47 атқарушылық іс бойынша 76 рет қайталама есеп жолдаған. Осылайша ол бюджет қаражатын жүйелі түрде заңсыз иемденіп отырған.

Алмалы аудандық соты үкімімен кінәлі тұлға 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, сондай-ақ 5 жыл мерзімге тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

Соңғы жаңалықтар