Әлем • Бүгін, 00:47

100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хезболла» ұйымы әскери операция басталғалы бері Израильге ең ірі шабуылдардың бірін жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады

фото: x.com/manniefabian

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, зымырандар Ливанның бірнеше ауданынан 100-ге жуық зымыран ұшырылып, Израильдің солтүстігіне бағытталды. Әуе дабылы Хайфа, Галилея және Голан жоталары аймақтарында соғылды.

Әзірге ғимараттардың зақымданғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Медициналық қызметтің мәліметінше, шабуыл салдарынан бірнеше адам жарақат алған.

Жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Бейрут маңындағы «Хезболла» нысандарына соққы бере бастаған.

Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды

«Хезболла» Таяу Шығыстағы қақтығысқа 2 ақпанда араласып, алғаш болып Израильге соққы жасаған. Одан кейін Израиль Ливан аумағындағы «Хезболла» және Иранға тиесілі нысандарға шабуыл жасай бастаған.

Ливан билігі «Хезболланың» әрекеттерін сынға алып, бұл ұйым елді соғысқа тартып жатқанын мәлімдеді.

Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады

Соңғы жаңалықтар