Фото: Ашық дереккөз
Оқиға бүгін, 25 сәуірде таулы аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, микроавтобус тұрақ аймағынан өздігінен төмен қарай қозғалып кеткен.
Полицияның мәліметінше, көлік құлаған сәтте оның ішінде ешкім болмаған.
«Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік иесі полицияға арыз беруден бас тартты және ешкімге талабы жоқ екенін айтты», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары таулы аймақта көлікті тұраққа қою кезінде өте мұқият болу қажеттігін еске салады.