Фото: Ашық дереккөз
Жұмыс қызып жатқан алаңнан адам қаңқаларының шығуы тұрғындарды ескі қорымдар туралы ойға қалдырды. Жұртшылық «бұл жерде ондаған жылдар бұрын қауіпті инфекциядан көз жұмғандар жерленген болуы мүмкін» деп қауіптенеді.
Шемонаиха ауданының әкімдігі бұл жерде бұрын шынымен де инфекциялық аурухана болғанын және оның жанында жерлеу рәсімдері өткізілгенін растады. Алайда, шенеуніктер үрейге бой алдыруға негіз жоқ екенін алға тартып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл учаскеге байланысты ешқандай қауіпті індет ошақтары тіркелмеген.
Қазіргі уақытта табылған сүйектерді қолданыстағы зиратқа қайта жерлеу жоспарланған. Билік өкілдері барлық процедуралар заң талаптарына сай, санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып жүргізілетініне уәде берді.