Аймақтар • Бүгін, 00:25

Қарағанды облысында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Осакаров ауданында облыстық маңызы бар «Осакаровка – Нұра» автожолының жабық учаскесінде 6 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағанды облысында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техниканың көмегімен көліктерде болған 20 адамды, оның ішінде 2 баланы, Осакаровка кентіне жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Төтенше жағдайлар министрлігі жолға шығар алдында ауа райы жағдайын және жолдардың жай-күйін ескеру қажет екенін ескертті. Ауа райы нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартқан жөн.

Соңғы жаңалықтар