Фото: gov.kz
Модернизациялау жұмыстары вокзалдардағы қолжетімділік пен жайлылықты арттырып, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ объектілердегі навигация мен қауіпсіздік деңгейін жақсартуға бағытталған.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінде 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған.
2025 жылы Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл станцияларындағы вокзалдарда жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?
2026 жылдың бірінші тоқсанында Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау станцияларындағы вокзалдарда жөндеу жұмыстары біткен.

Қалған вокзалдардағы реконструкция жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
«Модернизация нәтижесінде жолаушылар заманауи күту залдарына, жаңартылған навигациялық және ақпараттық жүйелерге, жетілдірілген инженерлік шешімдерге, сондай-ақ барлық санаттағы азаматтарға арналған қолайлы жағдайларға ие болады. Бағдарламаны іске асыру еліміздегі теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын заманауи және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді», делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр