фото: ашық дереккөз
Премьер-министр аталған салаларда жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар – жер жердегі бытыраңқы жобалар емес, инфрақұрылымдық мүмкіндікті арттыра түсу жолындағы жүйелі саясаттың көрінісі екеніне тоқталды.
«Президент атап өткендей, «Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы кез келген мемлекеттің өмір сүруіне аса қажетті тұғыр саналады». Ауқымды реформалар бастау алғанға дейін бірқатар өңірлерде генерациялық қуат көздері мен жылу желілерінің тозуы 70%-ға дейін жетсе, кей өңірлерде бұл көрсеткіш 80%-дан асып кеткен еді. Энергетикалық нысандарда болған ірі апаттар салдарынан сақылдаған сары аязда кей қалалардағы тұрғын үйлер жылусыз қалған қиын сәтті ешкім де ұмыта қоймаған шығар. Бүгінде жүргізіліп жатқан тарифтерді ырықтандыру және инвестициялар тарту саясаты бұрынғыдай «жанталаса жамап-жасқаудан» гөрі саланы сапалы деңгейде жаңғыртуға мүмкіндік берді. Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Екібастұз, Балқаш қалаларында ЖЭО-ны жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Алматы, Теміртау, Риддерде жылу қуаттары жаңартылуда, сонымен бірге Ақтау, Атырау, Орал, Тараз, Екібастұз (ГРЭС-2) қалаларында стансалардың қуаттарын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Одан бөлек Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Көкшетау, Қызылорда, Семей, Тараз, Түркістан, Екібастұз (ГРЭС-3) қалаларында жаңа генерация көздерінің жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді», деді Үкімет басшысы.
Бектенов: «Таза Қазақстан» бастамасы қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты
Олжас Бектеновтің айтуынша, осымен екінші жыл қатарынан жылу маусымы айтарлықтай апатсыз өтіп жатыр деуге болады.
«Президент энергетикалық тұрақтылықты ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп атап, мұндағы шешімдер ондаған жылдар ілгері қабылдануға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Бұл ретте елімізде электр энергиясын өндіру жоспарлы түрде өсуде. Мәселен, ол 2019 жылғы 106 млрд кВт/сағаттан 2025 жылы 123,1 млрд кВт/сағатқа дейін жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, жеті жылда іске қосылған қуаттардың жалпы көлемі Алматы қаласы мен Алматы облысының бір жарым жылдық тұтынатын электр энергиясына тең», деді Премьер-министр.
Оның айтуынша, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан электр энергиясы тапшы елдер қатарынан шығып, профициттік деңгейге өтеді.
«Сол сияқты Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті табиғи газға ауыстыруға ерекше назар аударылып отыр. Бұл екі ЖЭО-ны толық көшіру осы жылдың соңына дейін аяқталады. Бірнеше жүз миллиард теңге тұратын жобалар қаланың экологиясын айтарлықтай жақсарта түспек. Ұзақмерзімді генерация балансын қалыптастыру үшін атом энергетикасын дамыту маңызды шешім болды. АЭС құрылысы электр қуатына сұраныс арта түскен бүгінгідей жағдайда зиянды қалдықтардың ауаға таралуын азайтып, генерация көздерін әртараптандыруды қамтамасыз етеді», деді Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы
Сонымен қатар жоба алдағы уақыттағы технологиялық дамудың, өндірісті локализациялаудың және инженерлік кадр даярлаудың берік негізі болмақ.